meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  109


Автор: Ғали Орманов

КАФЕРНИГАН БОЙЫНДА

Каферниган1 көк мөлдір
Көлбей аққан алқапта.
Көкірегінен төккен нұр,
Жұлдыз қадап жан-жаққа.
Жетегінде Тəжіктің
Безеді екен ол қатты.
Сусыны боп жазықтың,
Кезеді екен бау-бақты.
Күн қақтаған шөлдерге
Бауырын төсей аунапты;
Қайда келсе,
сол жерге
Балаусалар қаулапты.
Албыраған анардың
Мөлдірейді ол жүзінде.
Аңғарады оны əркім,
Көз жіберсе жүзімге.
Ақ торқадан көз талар,
Жағаларын шалса оның.
Төбе-төбе мақталар
Толқынындай дəл соның!..





Пікір жазу