11.07.2022
115
ТƏЖІКСТАН ТҰЛҒАСЫ
Тау мекенді Тəжікстан,
Ортаңа мен келген сайын,
Бұлдыраған көзге алыстан
Келбетіңді сезем дəйім.
Арқа тіреп көк аспанға
Көрінеді таулар небір.
Ұқсап бəрі тұр дастанға,
Жеке-жеке, сеңгір-сеңгір.
Тарихы ұзақ бүкіл елдей
Əрқайсының өлең-жыры.
Осылардың бітіміндей
Ойларыңды сезем ірі!
Алыс емес сендерге мен,
Айнымайтын болдым туыс.
Ашсаң осы кеудеңді кең,
Алам мен де бірге тыныс!