11.07.2022
  90


Автор: Ғали Орманов

АҚЫН СЫЙЫ

Басылмай əсте алқының
Аласың тыныс, Көк түбек.
Жарыса ойнап толқының,
Жағаңды жатыр тепкілеп.
Кеудемді тосып лебіңе,
Кенеле жұттым ауаңды.
Қарпыды тынбай мені де
Қайратты қолың дауалы.
Қабаққа қажу жоламай,
Құйылды қуат денеме.
Қоңырқай тарттым құладай,
Байыдым қоса өлеңге.
Толқының – жібек сипаған,
Қайраңың – мамық төсеген.
Тартуым болсын сыйлаған
Жағаңда жазған осы өлең.
Ежелгі екі босағаң
Қаратау, кəрі Құм-қия,
Айта алмас, сірə, ол саған:
Кетті деп ақын зым-зия.





Пікір жазу