meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  164


Автор: Ғали Орманов

КӨКТЕМДЕГІ ТАУ КӨРКІ

Таңертең көрсең тау түрін,
Қарамас едің, ойланбай;
Шаңқиған əппақ шатырдың
Іргесін түріп қойғандай.
Қалқалап аспан көбесін,
Биіктер перде құрғандай;
Шырқата күміс төбесін,
Көтеріп құздар тұрғандай.
Осылай қар мен бұршаққа
Арқасын асқар тосады;
Азайтпай мұзын бұл шақта,
Жаңалап, қайта, қосады.
Сусынын жаздың көтерген
Қарайсың ғажап тауларға:
Қайырып қарды бөктерден,
Жуытпай тұрған бауларға!..





Пікір жазу