meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  147


Автор: Ғали Орманов

БАЛЖАН ƏЖЕҢ ПƏТЕРІ

Биіктегі ұядай
Балжан əжең пəтері.
Терезеден күн мен ай
Ұзақ қарап өтеді.
Үйге аямай беріпті
Сонша шуақ, сəулені.
Көңілді де көрікті
Əжеңнің бұл дəурені!
Өзгені де солай деп
Ойлайды əжең өзіндей.
Оған сонау көп əйнек
Қуаныштың көзіндей.





Пікір жазу