meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  142


Автор: Ғафу Қайырбеков

Теңізде туған толқынның

Теңізде туған толқынның
Татулығы тым ыстық,
Бірінің бірі қолтығын
Сүйеп жатыр, сүйісіп.
Сондай-ақ, досым, біздерге
Дау айтады қандай жан,
Жыр қатарын тізерде
Жаралдық десек Абайдан?!





Пікір жазу