11.07.2022
  87


Автор: Ғафу Қайырбеков

БАУЫРЛАРДЫҢ БАТАСЫ

Қазақтың ұлы, Олжасым!
Аруақтар сені жебесін,
Құдайдың өзі қолдасын,
Қиын-қиын сапарда
Қыдыр болсын жолдасың.
Қырғи талант, қылыш тіл
Ел атынан сөйлесең –
Дуалы ауыз қорғасын!
О, Олжасым, Олжасым!
Бауырлармен бөліскен,
Жиған-терген олжасын,
Қиын күнде қол беріп,
Қия шыңнан жол көріп,
Тіккен үміт ордасын,
Сен секілді ерлердің
Еңсесі төмен болмасын!
Саған жаулық сағынған,
Жауыз жандар оңбасын.
Қамқоршы болдың сен елге,
Кешегі күні Семейде
Халықтың көріп көз жасын,
Тыйғызған ажал бомбасын.
Бəрін айт та, бірін айт,
Ұзақ та болсын өз жасың.
Қадір алла, қабыл ет
Бұл тілектің əммəсін!
Аумин!





Пікір жазу