ІНІМ ƏБДІСАҒИТ
Мен аға боп, сен іні боп жүргелі
Тіршіліктің өтті талай күндері.
Мемлекетке үлкен еңбек сіңірген
Сен бүгінгі азаматсың іргелі.
Жəй сөз емес, оның ғажап дəлелі –
Сен жобалап, салған үйлер əдемі,
Астананың көркі болған сарайлар,
Ел қазақтың болашаққа сəлемі.
Адамдарды еш алаңсыз сүйдің сен,
Ішін нұрға толтырдың сан үйдің сен,
Сол адамдар рақатты көрсін деп,
Көбін бердің көкіректегі сыйдың сен.
Тағдыр сенің жүрегіңе нəр еккен,
Сол нəріңнен төңірегің дəметкен.
Жаның жұмсақ, тұла бойың толып тұр
Туа біткен мəдениет, əдеппен.
Ауырма сен, үйір болма дертпенен,
Сен керексің шаруамызға көптеген.
Азаматқа зар боп қалған заманда,
Сендей-сендей бізге жігіт жетпеген.
Қуанышқа да, қайғыға да ортақсың,
Əрқашанда көп тілегі қолдап шын.
Əрқашанда жаманаттан алыстап,
Жаның сенің жақсылыққа жол тапсын!