11.07.2022
  134


Автор: Ғафу Қайырбеков

Арқаның жұтып келем самал желін...

Арқаның жұтып келем самал желін,
Мен үшін жоқ, Торғайым, жаман жерің.
Бес күндей ат үстінен түсірмедің,
«Ничего» – мен күн көрген адам едім.
Мен де талың жайқалған далаңдағы,
Қайда жүрсе, сен үшін алаң жаны,
«Қойым көп» деп мақтанбан, «ойым көп» деп
Сен туралы тебіреніп калам дағы.





Пікір жазу