11.07.2022
  120


Автор: Ғафу Қайырбеков

МЕМЛЕКЕТІМ МЕНІҢ

Мұз құрсанған, ақ көрпеге
оранған,
Қиын-қыстау, сары аяздан бораннан,
Қорықпастан туған менің –
бөбегім –
Мемлекетім – азаттығым
оралған.
Сені əлдилеп келем мен
Аузымдағы таусылмайтын өлеңмен.
Кеудемдегі жүрегім мен
қаныммен,
Қан арқылы қайрат жиған
денеммен.
Сені бағып, саған деген
алаңмен
Күн кешемін, бар ынтамды
салам мен
Қайтсе сенің қатаяр деп
буының.
Қайтсем жəрдем етемін деп
саған мен.
Босата алман бұл əкелік
сезімнен
Пайда болған сенің туған
кезіңнен.
Дəл осылай бір дем алса
өзіңмен.
Арман, арман-арман едің
сен де бір
Мемлекетім – қазағымдай
ер көңіл.
Сен жасайсың бақыты үшін
ұлтымның,
Көтересің, көтергендей
жерде гүл!
Сенем саған, сенгенімдей
Құдайға,
Сенгенімдей көгімдегі Күн,
Айға,
Сенгенімдей барлығыма
тірлікте,
Сенген адам сенен ақы
сұрай ма?
Сен өзімсің, келген жоқсың
шет елден
Еңбегімсің сан бейнетпен
өтелген.
Ескі арманнан жаңа туған
сəбисің,
Сені əлдилеп, сені аруақтап өткен
мен,
Сенің жасыл жалауыңның
астында.
Келер ұлдар елге болар бас
тұлға.
Туар талай нағыз қазақ
нарлары
Қарсы барар дауыл, сел
мен тасқынға!
Келе жатыр, келе жатыр
жаңа ұрпақ,
Тек солардың бақытын
күт, бабын тап.
Баяғыдай сарбаздарың
самсасын,
Дүние саған қарасын бір таңырқап!





Пікір жазу