11.07.2022
  124


Автор: Ғафу Қайырбеков

«Топ жидым, топыр сайлап кіл жауыздан...

«Топ жидым, топыр сайлап кіл жауыздан,
Бас қылды олар мені бір ауыздан!» –
Деп, сұмдық мақтанышпен айтты біреу
«Асау той, тентек жиын», дуда қызған.
Шошынды, сөзіне жұрт түсінбеді,
Ал анау өкінбеді, күрсінбеді.
«Дос жинадым» дегенде, жаңалық жоқ,
Айтып едім жаңалық үшін, – деді.





Пікір жазу