11.07.2022
  97


Автор: Ғафу Қайырбеков

Бүгін кедей, байлығына қарамай...

Бүгін кедей, байлығына қарамай,
Ақша, пұлын ардан биік санамай.
Бір сəлемге атын түсіп беретін
Қайран біздің бабалардың заманы-ай!
Күн соңынан күнелтумен сабылып,
Шабылмайтын жерлерінде шабылып.
Шаршағанда, өзге түгіл, отырсың
Өз балаңның сəлемін де сағынып.





Пікір жазу