11.07.2022
98
«Ойбайдан» əн шықпас...
«Ойбайдан» əн шықпас,
«Гөй-гөйден» күй шықпас,
Тұншығып барамын,
Қарағым, түндікті аш!
Оңымнан жел тұрсын,
Жаным бір желпінсін,
Шырақшы əніңді,
Сəнімді келтірсін.
Тұрмыстың күйбеңі,
Қаншама сүйреді,
Қалды ғой сүлдерім,
Қызыққа қи мені!
Тілекті ал өтінген,
Айықтыр дертімнен.
Өткендей болайын
Қиямет көпірден.
Қажыдым мүлде мен,
Айтпашы мұңды өлең,
Бақытты бір əн айт
Бұрын мен білмеген.
Тасиын, толайын,
Тұғырға қонайын.
Тəңірінің қасына
Барғандай болайын.