11.07.2022
111
ҚҰМЫРСҚАЛАР
Жаз бойы дамыл көрмеген
Құмырсқалар қауымы.
Айнымайды көмбеден
Шошақ төбе ауылы.
Тасымаған, термеген
Нəрсесі жоқ арқалап,
Толып кеткен көр-жермен
Салған үйі қат-қабат.
Ол үйінің қыста көр
Берекесін, берігін.
Кілең бəрі қыпша бел
Əйелі кім, ері кім?
Біле алмайсың жырақта
Жатқан өмір жүйесін.
Бар секілді бірақ та
Əйтеуір бір үйлесім.
Еркек, əйел жоқ болса,
Өсіп-өну мүмкін бе?
Қуат берген көп сонша
Кіп-кішкентай шіркінге.
Көп айтқанша бірлікті
Ағайынға, жолдасқа.
Осыларша бір мықты
Байлам тапсақ, болмас па?