11.07.2022
126
Тау Көкше – сен едің ғой жер сұлтаны!
Тау Көкше – сен едің ғой жер сұлтаны!
Жарасқан жақсылардың жақсы Отаны.
Жүрегін құдайдың да қуантушы ең,
Тамылжып табиғаттың атса таңы.
Қаншама сыйладың сен от жаныма,
Қарамай ысыраптап жаққаныма.
Тек қана сені көріп қайту үшін
Ризамын жер бетіне соққаныма!