11.07.2022
96
![](/uploads/shorttexts/author_image/enkenkenek.png)
Күз болып, жер тоңазып, суыды аспан...
Күз болып, жер тоңазып, суыды аспан,
Əп-сəтте қарағайлар шуылдасқан.
Манағы шымқай күрең тұлпарлардай,
Жан-жақты бір құдірет дүбір басқан.
Қайнаған қара бұлттар арасынан
Көкшенің ұшар басы жаңа ашылған,
Шағылып күн нұрына шаншылғанда,
Айнымас Абылайдың найзасынан.
Бір арман, бір сағыныш жəне қозғап,
Кетеді жүрек байғұс жана жаздап,
Жортады қара бура көл айналып,
Ту сыртта екеу-үшеу бота боздап.
Алаңдап, қайтсын көңіл алабұртпай, –
Уақыт – сүт пісірім аралықтай,
Сағындым, сағынғанда, əдеті ғой,
Ұсақтың көрінетін бəрі алыптай.