meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  115


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қырық жылғы жарыңа

«Қырық жылғы жарыңа
Қартайды көзің болып таң.
Қарағандай аруға
Жаңа ғана жолыққан.
Мына көктем қайтеді,
Алдап, көзің жазбай-ақ,
Тағдырдың сан тəлкегі
Бастан өткен аздай-ақ!» –
Дейді маған ақын дос
Айтып шағым көктемге.
«Ақылыма ақыл қос,
Ми сұйылып кеткен бе?»
Мен күлемін мəз болып:
– Осал сөзді айтпа онша,
Көл-көңілге қаз қонып,
Аққу ұшып жатпаса.
Кəрі əйелдің жас болып,
Қайта келіп сүймесе,
Жаның балқып, мас болып,
Қайта отына күймесе.
Жердің бəрі қып-қызыл
Қырмызыға толмаса,
Бойыңдағы от-қызу
Баяғыдай болмаса.
Маңайыңа дос толып,
Бал бөлісіп ішпесе,
Əр сөзіңді хош көріп,
Қошеметтей түспесе.
Алтын тақта бір мезгіл
Отырмасаң патша боп,
Нақ төбеңде күмбез кіл,
Асыл-маржан тас та көп.
Жарқ-жұрқ етіп сол тастан
Айнымайтын көздері,
Кəнизактар тұс-тұстан
Жалынбаса өздері.
Күй кешесің сондай бір...
Қой, бауырым, қой, құрсын!
Əулие деп көктемді
Несін күтіп отырсың?!





Пікір жазу