11.07.2022
125
Ал, «Елім» деген бір ұлан...
Ал, «Елім» деген бір ұлан,
«Жерім» деген бір тарлан,
Ат алдырып Қырымнан,
Ер алдырып Бұхардан.
Бұла да бойын бекітіп,
Намыспен мүше шегелеп,
Ақтабан тұлпар секіртіп,
Абыройлы сапар шегер еді.
Ойламас еді бір басын,
Кесіліп қалса, қайтем, – деп,
Ел үшін белін буғасын.
Қайыспай шауып, қайта өрлеп.
Азаттық туын шұбалтып,
Қалыңға барып кірер ед,
Атадан бата құмартып,
Алдында тізе бүгер ед,
Ақсақалды бабасы
Ақ сүңгі қолын жаяр ед,
Найзадай тіп-тік нар басы
Аруағы елге аян ед.
Күңірентіп мына даланы,
Сілтідей көпті тындырып,
Дауысы жанға дауалы,
Əр сөзі – жиһаз бір мүлік.
Батасын баба берер ед,
«Əумин» десіп қалайық,
Азамат сапар шегер ед,
Қарасы жауға молайып.