11.07.2022
121

Ал содан кейін алмасар...
Ал содан кейін алмасар,
(Нанбасаң барлап білші өзің),
«Өзім» деген бір сезім,
«Елім» деген бір сезім.
Алмаспай қалар кезі бар, –
Алланың ол да салғаны,
Жалғанда жалғыз «өзі» бар.
Өзінің қамы – арманы.
Көбейді бұл шақ сондайлар,
Оп-оңай оны байқайсың,
Еріңді іздеп елді ойлар,
Жақыннан, жаттан таппайсың.
Жүйріктің бағын топ сынар
Алғашқы аяқ салғаннан.
Жалғанда сорлы жоқ шығар,
Көп болып, жалғыз қалғаннан!