11.07.2022
96
Өмірге келіп енген соң...
Өмірге келіп енген соң,
Ондағы арман, мақсат не?
Оянар ойың сəлдең сон,
Анашың берген ақ сүтпен.
Ой дегенің – ми болмақ,
Домалап түсіп жөргектен,
Міндетің сенің қозғалмақ
Отырып яки еңбектен.
Солқылдап миың төбеңде
Əлде бір бақыт, əлде сын,
Бұйырар саған ол енді
Қаз тұру, жүру əммесін.
Ал содан жолың басталмақ,
Күн бағып көкте, Ай қарап,
Қисықта түзу баспалдақ,
Шөптесін яки тайғанақ.
Жылау да сылтау, күлулер,
Өкініш пенен өтініш,
Тірліктің құны білінер,
Толысып ойың, бекіп іш