11.07.2022
  100


Автор: Ғафу Қайырбеков

Ай бір күміс ақ табақ...

Ай бір күміс ақ табақ,
Күн бір алтын от шанақ,
Көзің барда қарап қал,
Беліңді бу, көкке бақ!
О, құдірет табиғат!
Сен ғанасың ақиқат,
Сенен өзге құбылыс
Бəрі жұмбақ, бəрі жат.
Ол да шындық түсінсең, –
Түсінбесең ішін сен, –
Жалған сыртпен əуресің,
От құсасың күрсінсең.
Солай, ақын жолаушым,
Жалғыз шындық – қолдаушың.
Жұрттың бəрі ұйқыда,
Сен ғана тек ояусың..





Пікір жазу