meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  129


Автор: Ғафу Қайырбеков

ТІРШІЛІК ТІРНЕКТЕРІ

Ақынның өлең-жыры – өмірлесі,
Емес ол ойнай салар көңілдесі.
Отына ғашықтықтың күйеді олар
Сүйеді бірін-бірі қалмай есі.
Дүниеге нұр сəулесін жаяды олар,
Сырлары сонда əмбеге аян болар,
Жаны ашып бір-бірінің саулығына,
Мүсіркеп, бірін-бірі аяр болар.
Нақсүйер, өмір-серік жарыңды еске,
Түсірер, бақытың мен барыңды еске.
Тек осы ақын үшін өлең ғана, –
Осыны білмегеннің бəрі кеще!.





Пікір жазу