11.07.2022
  151


Автор: Ғафу Қайырбеков

ƏКЕ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

Соғыстың жаңа біткен зіл-заласы...
Таусылды ажал-салық күнде аласы.
Қанаты күйген қаздар секілденіп
Қазақтың қайтты үйіне мың баласы...
Майданның қай қырында қалмады олар,
Жалғызы талайлардың жанға балар.
Ал мұндай талай əке көз тоздырды,
Баяғы əдетімен жолға қарар.
...Сондай бір қазақ шалы ұлын күтіп,
Дамылсыз айды итеріп, күн жылжытып.
Үш мезгіл ас соңында жолға шығып,
Тіршіліктің өзге қамын мүлде ұмытып.
Тосты ол тосудай-ақ той
қызығын,
Хабар жоқ, дала меңіреу, жол да
меңіреу –
Жалғыз-ақ естиді ылғи байғұс үнін.
Жалғыз-ақ естиді ылғи кемпір
даусын
Байлаған қасіретке есіл
басын,
Жан екен шалдан гөрі ол сабырлы
Болса да ана көкірек дерті
басым.
Жыл өтті, келер солдат келіп болды,
Сəн кірді, талай үйге көрік қонды.
Жейдешең жазға шықты жалаң аяқ,
Қыстағы шешіп тастап бөрік, тоңды.
Ұлы жоқ, жоқ тіпті оның елесі де,
Даланың көбейгендей белесі де,
Соғыстың бітерінен аз-ақ бұрын
Хат жазған, «аманмын» деп, əлі есінде...
Не бір сөз «қара қағаз» – жаманат
жоқ
Куəгер жолдасымнан жəне хат жоқ,
Əйтпесе күтер ме еді осыншама, –
Ол түгіл айтпай келген азамат
көп,
Ұл байғұс жүрген шығар кешігумен,
Даланың шимай жолы кесірінен,
Деді ме, темір жолға жақындаймын
Қалаға көшіп барды кемпірімен.
Вокзалдың бір үй жалдап нақ қасынан,
Күзетті стансаның қақпасынан,
Есігін сан пойыздың көзбен тінтіп,
Сұрады əр жүкшіден қап тасыған...
Тағы да жылға жақын өтті уақыт,
Бұл күтіс шал байғұсқа кетті батып,
Сонда да құр сүлдесін сүйреуменен
Пойыздың даусы шықса, тұрады атып.
Қой – деді кемпір бірде
– қой, мұныңды,
Көтердік ел көтерген
қайғы-мұңды,
Сен түгіл мен шаршадым
үйде отырған,
Онсыз да тауыстың ғой аз
ғұмырды.
Жоқ қой ол, келер еді
əлдеқашан,
Бəрібір күтетұғын сен
болмасаң,
Жалғыз күн шайыңды ішші бір
дұрыстап,
Қоймасаң мынауыңды – елге
қашам!
Жоқ шығар сендей адам ұлын
күткен,
Қалғанша қу сүйегі құр
үміттен.
Қайтайық топырақтан тыс
тұрғанда.
Күн қалды бір-ақ тұтам бұл
тірліктен.
– Жарайды, ең соңғы рет шығып
қайтам, –
Деді шал, – жетелеп тұр үміт
сайтан.
Үстіне бар жақсысын киіп алып,
Көрінді тағы орнынан күндегі
айтқан.
О, ғажап! Қуаныштан жүзі жайнап,
Басқыштан баппен басып түсіп жайлап,
Алдында келе жатыр шалдың ұлы –
Ұмтылды көре салып: «а, құдайлап!»
Байғұс шал жете беріп, ұшты
мұрттай,
Жүгірді баласы да із
суытпай,
Не керек, дүние көзден
ұшты бұлттай.
Сағынған бауырында
құлыншағы,
Бір сəтке «үһ» деді де тыныс
алды.
Ұлының тірі тұрған бейнесіне
Көзінің ақтық рет қырын
салды.
Аң-таң боп бала тұрды
жылай алмай,
Тағдырдың соққысы еді
мынау қандай!
Шаршаған күтуменен сорлы
жүрек
Жарылды жалғыз сəтке
шыдай алмай.
Солдаттың кешіккені түсті
есіне,
Екі жыл тағы əскери іс
кешуге
Байғұсты алып қалған
жеңістен соң, –
Мықтымен онда ерік жоқ
күштесуге.
Соны айтып болады ғой
хат салуға.
Салақтық сор боп тиеді
сасқаныңда,
Еңіреп өкініштен
шайнағанда
Бармақтың қан көрінді
бас жағында...
Көрген жұрт жимай тұрды əлі де есін,
Тағдырдың сұмдығына ел не десін?
Белбеуін солдат сонда шіреп буып,
Көтеріп алды жерден өлі əкесін.
Кім жазар қайран ердің осы дертін, –
Əкенің естімеген өсиетін?
Көтеріп келе жатты ол қос қабаттап
Сан жылғы Сағыныш пен қасіретін..





Пікір жазу