11.07.2022
  247


Автор: Ғафу Қайырбеков

ЖАҚСЫЛЫҚ БОЛСЫН!

Елдегі дəулет, молшылық
Еңбекшіл елдің арқасы.
Бір жеңнен білек, қол шығып,
Береке, ырыс ал, тасы!
Ақиқат, шындық айналаң
Ақыл мен ойды кең өсір,
Парасатпенен пайдалан
Байлықты жатқан көл-көсір!
Ортақтық сезім оянсын,
Өзімшіл кəсіп қамдамай,
Тер төксін де – бəрі алсын,
Ел бай болса – сен де бай.
Тамаша заңның сөзі сол,
Қойылған оған алтын ат.
Əр əрпін оның созып қол
Қайтадан сүртіп жарқырат!
Əр сөзін оның ардақтап,
Арыңмен қосып жырла сен,
Көңілің толы махаббат,
Өмірің толы нұрға əсем.
«Жақсылық болсын жалпыға» –
Тілегі, Заңның тірегі.
Жаңа бір күшпен жарқыра
Советтердің Ұлы Елі.





Пікір жазу