meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  148


Автор: Ғафу Қайырбеков

САҒАТ

Сағат, сені берді бүгін
Бес азамат, жігіт, дос,
Əбекеңнің өмірінің
Минутына минут қос!
Жас қосқайсың жастарына
Əр мезгілден жыл құрап,
Оның бұйра шаштарында
Тұрсын уақыт сыңғырап.
Маңдайының сызығында
Күн сəулесі қыдырсын.
Бақытында, қызығында
Осы сағат бір жүрсін. –





Пікір жазу