11.07.2022
278
МҰХТАР ƏУЕЗОВ ҚАЗАСЫНА
Мен Сочиде жүргенде
Тау құлады,
Кавказ ба? – десем,
Мұқаң екен!
Ол бəйтерек – мен оның
Бұтағы екем.
Биікте жүргенімді
Жерге құлағанда білдім.
Оған деген махаббатымды
Жылағанда білдім.
«Ұлылық деген не?» – деп
Көріп жүріп те,
Енді көрмей қалып
Сұрағанда білдім.