11.07.2022
101
Бəрі туыс дегеннің
Бəрі туыс дегеннің
Болып алды жатбауыр.
Дертіндей-ақ денемнің
Сол мінезі батты ауыр.
Пайдакүнем, баққұмар,
Бармақ басты, көз қысты,
Сенен гөрі, жарқырар
Көрер артық жез-мысты.
Сөздерінде тұрақ жоқ,
Қамысы жоқ қопадай.
Сауал да жоқ, сұрақ жоқ
Алдай салу оп-оңай.
Бəтуəсіз патшағар
Адал тұтқан арамды,
Мінін айтсаң қас болар
Көрместей боп қараңды.
Баяғы туыс қалпына,
Баяғы жақсы салтына
Қайта оралып қайтуға, –
Қанша жол бар – соны айтшы, –
Шебер болсаң айтуға!