11.07.2022
102
![](/uploads/shorttexts/author_image/enkenkenek.png)
«Күндеу» деген ұғымды
«Күндеу» деген ұғымды
Келем əлі ұғынбай.
Əлдене бір жуынды,
Яки сордың суындай.
Елестейді маған ол
Естігеннен жеркеніп,
Өз-өзімнен болам қор
Текке күйіп, өртеніп.
Сезгендей боп айқасам
Жаман пиғыл, бөтен ой:
«Күндеу» деген байқасам –
Күнді қызғану екен ғой!