11.07.2022
143
![](/uploads/shorttexts/author_image/enkenkenek.png)
– Саған сұрақ, ақыным...
– Саған сұрақ, ақыным, –
Айтшы, кəне, мұңыңды?
Маған ғана ақырын
Сыбырлашы сырыңды.
– Əлі күнге келем мен
Ентігіп те өртеніп.
Кіп-кішкентай денеммен
Үлкен жүректі көтеріп.
Деді көктем мақұлдап:
– Мұң жоқ екен онда аса –
Ақын деген – ақын ба,
Үлкен жүрегі болмаса!