11.07.2022
118
Сəт еді бозторғайлар қосқан əнін...
Сəт еді бозторғайлар қосқан əнін,
Аспанын əшекейлеп астананың,
Есіктен тыр жалаңаш шыға салып,
Бір сəби күнге тосты тостағанын.
Қасына жас келіншек келді де ана,
Сұрады: «Мұның не?» – деп енді ғана.
Басына төңкеріп сап тостағанды:
«Күнді іштім. Күн тəтті екен! – деді бала.
«О, көктем! Мына сəтте нені аңғардың,
Дүние мəнісінен кенже қалдың!» –
«Жоқ, бауырым, – деді көктем, енді ақынға: –
Бұл жерде сен де барсың, мен де бармын!»