11.07.2022
  155


Автор: Ғафу Қайырбеков

Бір жыл ма, əлде, айлар ма тізбектелген...

Бір жыл ма, əлде, айлар ма тізбектелген,
Күнделікті күйбеңмен, сөз-кептермен.
Бойы үйренген тұрмыстың əлегіне,
Махаббат жоқ баяғы іздеп келген.
Бір кемпір, шал дəл кəзір сағынысып,
Бұрынғыдай жүрегі алып-ұшып,
Бұрынғыдай исініп, иіскесіп,
Қанаттанып ұшпаққа талпынысып.
Жағдай кешті ғажайып күйі жұмбақ,
Жан бұлбұлы бір ауық тұрды жырлап.
«Көктем емес, ол менің сиқырым» – деп,
Қойды ақын тағы да бір жымыңдап.





Пікір жазу