11.07.2022
  84


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қыс бойы салқындаған қанды жылтып...

Қыс бойы салқындаған қанды жылтып,
Ойнатып сан тамырда сан құбылтып,
Жүректің жүлдесіне теуіп шығып,
Сезімді оятады өмірге ынтық.
Бəрін де құбылыстың сүйкімді етіп,
Қарайсың көңіл балқып, жүйкең елтіп.
Істейтін соның бəрін – көктем-шебер,
Жеңімен барқыт шапан сүйкеп өтіп.
Көзінің ұстай алмай сəл жарқылын,
Алдырып сол көктемге бар ақылын:
«Істеген соның бəрін – өзім ғой» – деп,
Тағы да мəз болады əлгі ақының.





Пікір жазу