11.07.2022
  105


Автор: Ғафу Қайырбеков

Жапырақтар бірін-бірі шақырып...

Жапырақтар бірін-бірі шақырып,
Көк күркіреп, көкала бұлт сапырып,
Найзағайдың қаламынан аспанға
Жазылады «көктем» атты тақырып.
Ал содан соң созылады бір дастан,
Əр тарауы «өмір-серік» – гүл басқан.
Жер бетінің дымқыл ерні күбірлеп,
Соны оқиды күндіз-түні тынбастан.
Ол жазуда айтылмаған бар ма сыр,
Қайталаудан жалықпаған сан ғасыр.
Сол дастанды бүгін өзі жазғандай
Мəз болады ақын байғұс арманшыл.





Пікір жазу