11.07.2022
  105


Автор: Ғафу Қайырбеков

ОЙЛАР, ОЙЛАР

Менің туған совхозым шөп шабудан
Бүгін озып шығыпты көп қауымнан.
Радио, газет жамырап айтып шықты
Бір күн бойы ойы жоқ тоқталудан.
Нансаң, соған жүрегім алабұртып,
Қуанышқа құлшынып, қағады ынтық.
Бұдан жетпіс жыл бұрын дəл осы ауыл
Шығып еді күреске жалау тұтып.
Содан кейін тым-тырыс, үздік-создық
Жылдар өтті. Соғыста біз де тоздық.
Қара шалдар сиреді бір кездегі
Бүтіндікті айтатын күнде сөз ғып.
Енді, міне атағы тағы шықты,
Үндемеумен сабырын тауысыпты,
Дүр сілкінді топырақ, əншейінде
Жататұғын жамылып таңғы шықты.
Досым, осы құбылысқа мағына бер,
Жағасына теңіз ой тағы да кел!!!
Кішкентайдан үлкенге солай көшер
Жаңғырудың бойында қаны бар ел...





Пікір жазу