Алтыныңмен аспанда шағылып күн
Алтыныңмен аспанда шағылып күн
Тұрған өлке болар, – деп, жаңылыппын.
«Алтын Алтай» – дегенді ести-ести,
Қадіріңді шынында, барып ұқтым.
Алтыныңның барына дауам жоқ еш,
Бірақ оның мəселе барында емес,
Нағыз алтын – өзіңнің қара басың, –
Кем сөйлеген сөзімнің бəрін де кеш!
Бəрі де бар өзіңде ырыс-құтың,
Сен – көзісің əділет, дұрыстықтың!
Адам үшін бəрін де қойған сайлап,
Сенде жақсы тіршілік, тұрмыс мықтың.
Табиғаттың ғажайып жомарттығын,
Адам үшін алаңы жоқ-ақтығын
Сенде білдім əулие жер қадірін,
Көзбен көріп, ой ойлап, толғап бүгін.
Көп мақтасам көркіңді шұғылаңмен,
Тағы қорқам аш көздің сұғынан мен.
Малдан жаман малғұндар қаптап кетіп,
Сен бүлініп қалар деп, бір лаңмен.
Күн ойнаған Мұзтаудай бөркіңменен,
Таза дүние, азат бас, еркіңменен.
Тəңірінің су жаңа сарайындай,
Тұра бер сен біз ұқпас көркіңменен.
Өзің де əсем өлкесің, атың да əсем,
Алтын түгіл, жан берер жақынға сен,
Ақтасыңа алтынмен атым жаздың,
Одан артық не істейсің ақынға сен!
Жай нəрсе ғой ат мінген, атан мінген,
Құрбың үшін мақтанар қатар жүрген.
«Атым тұр деп Алтайда алтын əріп»