meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  119


Автор: Ғафу Қайырбеков

Алтай таудың данасы –

Алтай таудың данасы –
«Мұзтау» дейтін қос шатыр.
Аспан мен жер арасы
Ол болмаса – бос жатыр.
Басына оның шығып ап,
Күн сырғанақ тебеді.
Тепкен бойы зырылдап,
Дəл қасыма келеді.
Келген бойы екеуміз
Амандасып, қарап ап,
Құшақтасып кетеміз
Қарағайды аралап.
Алтын жаңғақ тереміз,
Күміс шықты басамыз.
Көп қызықты көреміз,
Көп жаңалық ашамыз.
Жаңалықтың үлкені –
Күн – дүниеге басшы екен.
Кемсітпейді күн сені,
Күнмен жүрген жақсы екен.





Пікір жазу