meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2022
  119


Автор: Ғафу Қайырбеков

Көк қойнауды ақ бумен

Көк қойнауды ақ бумен
Толтырады азанда,
Ет салғандай бір жеңгең
Жаңа ғана қазанға.
Бала күнгі иіс су
Бір құюға таппайтын,
Мейлің шомыл, бетің жу,
Ол қолыңды қақпайтын.
Шынында иісі жұпардай,
Десең еркін – «сəнденем»,
Жүдемей де жұқармай,
Сауық іздер сау денең.
Қасында оның жай ұғым,
Баяғылар күпінген:
«Шомылып ем дейтұғын,
Боз биенің сүтімен!»
Ертеде түс, кеште түс –
ЬІстықта да, самалда.
Соғу керек ескерткіш
Рахман мен маралға...





Пікір жазу