11.07.2022
  92


Автор: Ғафу Қайырбеков

Ал анау шетте балуан көп

Ал анау шетте балуан көп
Балтырын ыстық күн сүйген,
Жығып та кетсе – арман жоқ,
Жығылып қалса – күрсінген.
Ортада қазы – төреші –
Əмірші – ол бір күш тұрған,
Жеңгенге ол да бересі –
Қолына теңге қыстырған.
Айқасты «қара домалақтар» –
Маңдайдан шып-шып тер шығып,
Көзіңмен түгел бір қарап қал –
Ғажап қой мынау тіршілік!





Пікір жазу