11.07.2022
  144


Автор: Ғафу Қайырбеков

Кереге керген, уық қадап...

Кереге керген, уық қадап,
Басына шаңырақ көтерген,
Дөдеге басы жіп-сағақ,
Денесін шимен көмкерген.
Ақ туырлық – əлпеншек,
Төбеге түндік асырған.
Ортада желбау – əткеншек,
Атылас жастық асылған.
Көзіңді жұмып – ашсаң сəт,
Қалайша шапшаң тігілген,
Өңшең бір сұлу бал саусақ
Ұшынан мейір төгілген.
Жасады – шықты сарайды,
Ішіне сəуле-нұр сақтап.
Елжіреп ақын қарайды,
Көзінен жасы бұршақтап...





Пікір жазу