10.07.2022
130

Намаздың уақыттары
Таң намазы – таң атқаннан күн шыққанша.
Бесін намазы – күн тал түстен ауғаннан кейін заттың көлеңкесі өз бойынан екі есе ұзарғанша;
Екінті намазы – заттың көлеңкесі екі есе ұзарғаннан бастап, күн батқанша;
Ақшам намазы – күн батқаннан, күннің қызыл шапағы тарағанша;
Құптан намазы – Ақшамның уақыты өткеннен, таң намазы кіргенге дейін.
Үтір уәжіп намазы Құптан намазынан кейін таң намазы кіргенге дейін;
Намаз оқу мәкруһ болған уақыттар:
- Күн шыққаннан соң найза бойы көтерілгенге дейін;
- Тал түсте (күн нақ төбеде тұрған кезде)
- Күн батып бара жатқан кезде. Сол күннің екінті намазынан басқа, Фарыз, уәжіп, нәпіл намаздарды өтеу мәкрук. (Х. Алтай Ғибадатул- Ислам Алматы: 2001 ж., 47 б.).