10.07.2022
  108


Автор: Қазақ ырымдары

Адамның құлағы шуылдаса, қазақ екі түрлі ырымға жатқызады. Сол құлағы шуылдаса—өлімнің хабарына жориды. Жақын-туыс, ағайын-алаш, құда-жекжат, ауылдастардан біреу өлген екен деп ойлайды да, «оң құлағым, оң құлағым» деп үш рет айтады. «Жақсылыққа көріне гөр» деп тілеу тілейді. Оң құлағы шуылдаса— қуанышты хабарға жориды. «Оңына бастай гөр» деп, оң құлағының түбін оң қолының бас бармағымен үш рет қағады. Онысы—жақсылық орнықты болсын дегені.





Пікір жазу