10.07.2022
93
Адам кіндік қаны тамған ата жұртынан басқа жаққа қоныс аударып барғанда сол жерге бірден үйрене алмайды. Жат жердің суы, ауасы жақпайды деп кіндік қаны тамған жерден топырақ ала кетеді де, барған жерінде суға шомылдырып ішіседі. Сонда жат жерге тез бауыр басып кетеді деп ұйғарады.