10.07.2022
149
![](/uploads/shorttexts/author_image/enkenkenek.png)
Шопырсың ғой, Қабылқақ, –
Шопырсың ғой, Қабылқақ, –
Маған ғана лайық,
Біразырақ дамыл тап,
Жерге түсіп алайық.
Анау жатқан Сайқұдық
Қауғасына соққан жел,
Табанына май құлық
Түкіріктеп жаққан жер, –
Жүйрік болар ма екем деп,
Қайран, шіркін, балалық!
Тағы өттің-ау көлбеңдеп,
Қара шаңырақ, қара жұрт!
Мынау нағыз сарша күз
Байлық біткен құт дарып,
Тұрушы еді-ау құм сағыз
Сабағынан сүт тамып.
Жұлып берші біреуін
Сəл бұрылып жолыңнан,
Сенің-дағы жүрейін
Дəм таттым, – деп қолыңнан.