10.07.2022
  78


Автор: Ғафу Қайырбеков

ҮШТӨБЕЛІКТЕРГЕ

Рахмет, ұрпақтары Жарымбеттің,
Сөзімді тасқа жазған қабыл еттің,
Ағаның Бошай атты арқасында
Алтайды екі-үш күнде жарып өттім.
Өттім де, Сізге келдім сол екпінмен,
Ақынды мейманым – деп елеп білген.
Айналдым қасиетіңнен ардақты ауыл,
Осынша ұлы мейрам, ерек күннен
Бір белгі қалсыншы – деп ерлеріңе
Қайтпаған кіндік кескен жерлеріне,
Соғыпсың мəрмəр тастан бір ескерткіш,
Қызыққан күннің өзі өрнегіне.
Мəңгілік аты өшпейтін жетпіс боздақ,
Аттары көрген сайын жүрек қозғап,
Бүгінгі бақытты ұрпақ көз алдында
Алаулап армандары тұрсын маздап!





Пікір жазу