10.07.2022
122

Рахмет, туған жер, көк жайлаулар...
Рахмет, туған жер, көк жайлаулар,
Қарлы таулар, салқын кеш, гүл қойнаулар.
Қыз қарағай, сал қайың, күміс шырша,
Асау бұлақ, ақ өзен, мұз қайнаулар.
Жайсаң жігіт, абзал дос, жақсы ағайын,
Сендерге арнап берілген серт байлау бар. –
Бір түйінін мен соның шештім бүгін,
Азырқанбай, алаңсыз сен қабыл ал!