10.07.2022
  86


Автор: Ғафу Қайырбеков

«Қармақ салдым суына Шалкөденің» –

«Қармақ салдым суына Шалкөденің» –
Жаңа ғана сəніне келді өлеңім.
Аулаудай-ақ біреудей аулап едім,
Балықтардың патшасы – тау форелін.
Самсап тұрған адамның арасынан
Қармағыма бар балық ауды менің.
Жем сап тұрған баланың қолы үлгірмей
Жарықтықтар жаңбырдай жауды – дедің.
Ақ көңіл балықтарды аядым мен,
Деп келгенде өз елім, бауырым едің,
Не болады балығын қырып кетсем, –
Сол ойымды оқыған Рауан ерім,
Жомарттықпен бас изеп тұрып айтты –
– Беріп жатқан сыйы ғой саған елдің! –
– Олай болса, – дедім де – аулай бердім.





Пікір жазу