10.07.2022
91
Ол жатыр асқар таулар құшағында...
Ол жатыр асқар таулар құшағында,
Тып-тыныш Жер ананың құрсағында,
Баладай көк бесікке бөлеп қойған,
Бір сағым қосылады бір сағымға.
Ауаға жұпар тарап, рахат есіп,
Бесікті жел тербеген бұл шағында.
Жайқалып жас көделер, шал көделер,
Жуынып мөлдір шықпен жусаны да,
Жамырап жер бетінен қол көтерген
Шөптердің миың жетпес мың санына
Алуан бояу толған алып астау
Суретін Шалкөденің бір салуға
Əдейі дайындалған құдай шебер,
Өнердің сəт сағаты туса мұнда
Шалкөде шалқияды соны күтіп,
Қырғызда сəлем айтып Сусамырға.