10.07.2022
  80


Автор: Ғафу Қайырбеков

Аспанның жерге берген олжасындай –

Аспанның жерге берген олжасындай –
Жасаған жаратады жанды осындай.
Осы сəт дүниеде ол болмаса,
Қалғандай тіршілікке сəн қосылмай.
Қара көз мына кеште шырқады-ай бір
Қашаннан сен сағынған əн досындай.
«Қыз қарағай, қыз қарағай, қыз қарағай!»
Үш рет тамып түскен көз жасындай,
Үш рет үздіктіріп, қайтарғанда
Қалды ғой қайран мауқым бір басылмай.
Туған жер қайталанбас сұлу болса –
Бұл соның талант соққан сырғасындай





Пікір жазу