10.07.2022
  139


Автор: Ғафу Қайырбеков

Ойпыр-май оркестрдің жосылуы-ай!

Ойпыр-май оркестрдің жосылуы-ай!
Қобыз бен домбырадан қол суырмай.
Сырғытып, сыпыра сілтеп жөнелгенде
Қиядан ақтарылған тау суындай.
Бүктеліп, алдыңа кеп бір уыс боп
Шалқиып жатқан жазық қаусырылмай.
Қайтадан жаз жадырап, көктем шығып,
Маужырап май айының маусымындай,
Шаңқылдап шақпақ тастан от шығарған
Жүз тұлпар тұяғының тасырындай.
Жүрегім əрең-əрең аман қалды
Дауылға мынау келген қарсы ұрынбай..





Пікір жазу