10.07.2022
  116


Автор: Ғафу Қайырбеков

Айттым ғой – аз сөзбенен Байынқолды

Айттым ғой – аз сөзбенен Байынқолды
Сипаттау маған қиын уайым болды.
Қапыда қайратты сөз қайдан тапсын
Жалқау ми көп іздеген дайын жолды.
«Байынқол! Байынқол! – деп, қос қайталап,
Аспанға арыз айтып жайдым қолды
Арман жоқ, соның бірін қайтып берсем
Ішіме жақсылықтың бəрі қонды.





Пікір жазу